Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«TALQYLAU» ДИАЛОГТІК АЛАҢШАСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «TALQYLAU» диалогтік алаңшасының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде «Балаларға қатысты кез-келген зорлық-зомбылыққа берілетін жазаны күшейту» мәселесі қаралды.

Жиынды партия филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы Созақбаева Эльмира Райымбекқызы ашып, жүргізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғаны жөніндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ отырысқа Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі Б.Жандосова, Шымкент Қалалының Полиция Департаметінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Ш.Бекенов, Шымкент қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары М.Абдрайымова, Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары С.Әбілхайыров, және кеңес мүшелері мен партия қызметкерлері, БПҰ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Талқылау соңында «Балаларға қатысты кез-келген зорлық-зомбылыққа берілетін жазаны күшейту» мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы спикерлердің баяндамаларында айтылған проблемалар назарға алынып, жұмыла жұмыс жасалатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АУДАН/ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ АТАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 100 АДАМДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДАЙЫНДАЛУДА

admin

Түркістан облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

admin