Фариза Оңғарсынова: Тағы да көктем келді 21 - Март, 2018 ж 836 0 Тағы да көктем келді, Бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап, Өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ! Көн қөңілдер де теңіз боп көлкіп кетіпті-ау, Ару қыз аңсап, жыр аңсап! Бұл не деген құдірет! Дүниенің бәрін құштарлық қаптап кеткен бе, Адамның бәрі мас болып жүр ғой от-демге! Байырғы күңгірт күндер де қайтып келместей… Жабырқап жүрген жоқ пенде. Ұмытып жатыр жұмыр жер, Өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын. Жастық жүр жайнап еқпіні-дауыл, Ай мүсін. Тіледім: мұндай сәттерде зұлым ойынан Қатыгездер де айнысын! Қыз-көктем келіп қызғалдақ қадап жүр белде, Дүние түгел ұқсасын дей ме гүлдерге. Табиғат жанды сергітіп алады екен-ау, Тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде. FacebookTwitterEmailTumblrWhatsAppTelegram