А.ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: Жемқор шенеунiктер ұрлап кеткен ақшаны қайтару – …

    Біз Еуропарламент депутаттарынан халықтан ұрланған ақшаны анықтауға және оны қайтаруға көмек көрсетуін сұрадық. Сондықтан да, Қазақстанға жемқор шенеуніктер ұрлап кеткен ақшаны қайтару – Еуропарламентпен өзара ынтымақтастығымыздың маңызды міндетіне айналмақ. Бұл үшін заңнамалық кедергілер болса, олармен бірлесе отырып жұмыс істейік.

   Ұлттық банктің басшылығы мәліметтерінде 100 миллиард долларға жуық қаражат, ал халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша – 140 миллиард доллар көлемінде қаражат Қазақстаннан заңсыз шетелге шығарылған. Міне, инвестиция, экономика және кедейлікпен күресу дегеннің түпкі негізі осында жатыр.

   Сондықтан мен тағы да жемқор шенеуніктер ұрлаған қаражатты елге қайтару туралы Қазақстан парламентінің және Еуропалық Одақтың бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынамын.

qazaquni.kz 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.