Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениет

Солтүстік Қазақстанда «Киелі Түркістан» көрмесі ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Киелі Түркістан» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрме Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.


Көрменің мақсаты — киелі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан өңірінің арасында рухани, мəдени жəне музейаралық қарым-қатынысты одан əрі дамытуға бағытталған.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған көрме экспозициясына қорық-музей қорынан 250-ден аса көз жауын алар жəдігерлер орналастырылған.
Шараға Солтүстік Қазақстан облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Рахимов Ермек, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, М.Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетінің проректоры Ақмарал Ибраева,  университеттің оқытушы профессорлары мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.


Түркістаннан рухани керуенді бастап келген «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығына көрменің мақсаты мен міндеті жөнінде жеткізе келе, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген үш нысанның бірі — Қожа Ахмет Ясауи жөнінде мәлімдеп, тарихи күнмен құттықтады.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ермек Рахимов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған  көрмеге ыстық лебізін білдіріп, арнайы алғыс хат пен сый-сияпатын табыс етті.
«Киелі Түркістан» көрмесі Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары мен қонақтары үшін бір ай бойы қызмет көрсететін болады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin

Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

admin

Түркістан облысында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде

admin