Ж.ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы:   Қазақта байсыз, отырып қалған қыз көп

Қазақта байсыз, отырып қалған қыз көп. Неке арқылы келетін заңдық тиімділіктерді зерттеген қытайлар біздің қыздарымызды «арзан базар» санап отыр. Бүгін қызыңды алса, ертең қызыңнан туған жиенің кез-келген мүмкіндікке де, мансап пен байлыққа да қол соза алады.

Біріншіден, әр отбасы қызына қаршадайынан имани тәрбиені, ұлттық сананы барынша тереңдетіп сіңіруі керек. Дініне, ұлтына адал иманды қыз өзгенің таңсығына да, қаңсығына да көз сатпайды. Иман мен сенім берік болса ұрпақ адаспайды, ұжданын жоғалтпайды.

Ұлт анасының ары мен жатыры таза болса – ұрпағы ұлағатын жоймайды. Ұлағатын жоймаған ұлт – мәңгілік елінің мәңгілік перзенті бола алады.

«Қарындастан  айырылған  жаман  екен» дейтін зар мынау заманға, қазақ мемлекетіне тіптен жат. Текті жұрттың баласы тексіздікке бас имеуі үшін ұлты мен көзінің көбелегі – қарындастарын жан-тәнімен қорғауы тиіс!

qamshy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.