Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениет

«Шабдалы» көрермендерге жол тартты

Өткен жексенбіде Шымкент қаласында тағы бір көркем фильмнің тұсаукесері өтті. «Асыл арна» телеарнасының бастамасымен түсірілген бұл фильм Алмас Алматовтың «Шабдалы» атты шағын әңгімесінің желісімен жазылды. Аталған туындының режиссері — Жандос Құсайын, ал идея авторы – Мұхаммеджан Тазабеков. Фильмдегі негізгі оқиға 2000 жылы болады. Фильмге белгілі актерлар: Нұрбол Айтулов, Жарас Ахметов, Шолпан Елгезекова, Айдана Қызылқұлова, Дархан Манақовтар басты рөлдерді сомдайды. Фильм сюжеттері Түркістан облысы, Жетісай ауданында түсірілген. Фильмге ана мен қызы арасындағы махаббат, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, астаналық әйелдің оңтүстікпен құдаласуы секілді оқиғалар астарлы әзілдер арқылы бүгінгі қоғам шындығын көрсеткен.

Бүгінгі күнде жоғалып бара жатқан қазақы салт-дәстүрлеріміз бен адами құндылықтарымызды  дәріптейтін бұл фильм қалың көрерменнің жүрегіне жол тауып, көпшілік осындай фильмдердің қарасы көбейсе екен деп тарасты.

Ұ.Өскен

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

admin

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖЕМІС ӨНІМДЕРІН АЛА БАСТАДЫ

admin

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

admin