Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениет

Келесім-Алтынменім атты мерекелік жиын өтті

Келес ауданының қайта келуіне арналған «Келесім – Атамекенім» атты Келес ауданының Біртілек ауылдық округіндегі «Сая» тойханасында салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан тарихында өзіндік орны бар Келес даласындағы Келес ауданының араға 21 жыл салып, қайта қалпына келтірілуіне байланысты, аудан ақсақалдары бастамашы болып, өткізілген «Келесім — Атамекенім» атты мәдени мерекелік жиынға Астанадан, Алматыдан, Шымкенттен, Сарыағаштан, Мақтатаралдан, Қазығұрттан, Жетісайдан, Шардарадан қонақтар қатысты.

Салтанатты жиында Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы Есбаев аудан тұрғындарымен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың тумасы Батыс Қазақстан облысы әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлының құттықтау хатын оқып берді.

Шара барысында осыдан 800 жылдай бұрын, біздің осы Келес даласынан қоныс аударған Қайы қаңлылардың ұрпағы Кіші Азияда Осман империясын құрып, бүкіл мұсылман әлеміне 600 жыл қорған болған жерлестеріміздің бізбен замандас ұрпағының өкілі, қазіргі Түрік мемлекетіндегі Келес ауданы, Келес қаласының мэры Мехмет Текенің бейне құттықтауы тыңдалды.

Шара барысы Халықаралық, республикалық, облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы ақын, жерлесіміз Жарқынбек Наушабековтің «Келесім-ата мекенім» мерекесіне арнау өлеңін арнап, аудандық мәдениет үйі қызметкерлері тарапынан қонцерттік бағдарламаға ұласыты.

Ұқсас жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

admin

Тұрғын үй алып беремін деп, 600 мың теңгесін алып кеткен азамат ұсталды

admin

Саяси науқанда өз таңдауларын жасады

admin