Қ.ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы Басқа жолдың бәрi тығырық

Мектепте мүшеқапты мүшектеп тарату, қыздарымызға қолдан түсік жасауға рұқсат беру, тіпті соны дұрыс әрекетке санау қазаққа жасалған қастандық! Мектепте мұғалімдердің мүшеқап таратып жатқанын көрген ұлдардың нәпсісі қозып, соны тезірек қолдануға асықса, қыздарымыз қызығын қыздайынан ұрлатып, қызыққа некесіз-ақ ерте батуды дұрыс екен деп ойлайды. Қашанда ұят нәрсеге жол ашылып, заңдастырылатын болса, оның адам санасында күнә болудан қалуы да заңдылық. Проблеманы одан да үлкен проблемамен шешуге болмайды. Нәжісті одан да ауыр нәжіспен тазалауға бола ма екен? Оқушылар арасында жүкті болу көбейіп жатса, оның негізгі себебі жастар руханиятының әлсіреп, азғындауында жатыр. Ендеше, оның емі де руханиятты күшейтуде болмақ. Пәктікті, ар мен ұятты насихаттауда жатыр. Басқа жолдың бәрі тығырық. Аяғы Қазақияны құртуға апарады. Тексіздікке тірейді. Ажырасу көбейіп, отбасы құлдырайды. Болашағымыз құрдымға кетеді.

«ЕҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.