Ә.ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, сыншы: Ендiгi күлкi емес, түрпi!

Қазір теле­ар­на тол­ған – күлкі, сай­­­қымазақ. Күлкі – тәрбие құралы болса ғана орынды. Есер, есірік күлкі не керек? Дарақылыққа барып жүр. Әсіресе, ұстаз, оқушы, мектеп тақырыбына. Мұғалім­нің директормен ашына болуы, мұғалім­нің оқушымен жүруі, одан бала көте­ріп қалуы, мұғалімнің жел шығарып қоюы… не деген масқара! Онсыз да «ұшынып» тұрған мұғалім беделін одан әрі тұқырту, аяққа таптау. Хадистің өзінде «Мұғалімнің қаламының сиясы шаһиттің қанынан да қымбат» деген екен.
Қазақта тағы бір қасиетті, қадірлі адам – қазақ кейуанасы. Анау аузы-басы мәймиген кемпір-жігіт осыны тәрк етеді де жатады. Қазақтың ақ күндікті әулиедей әжесі қашан үй-үйді аралап сүмеңдеп, қыдырып, тамақ ішуші еді? Басында күлкі болған шығар. Ендігі күлкі емес, түрпі!

«ЖА»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.