«АӘК алуға көмектесемін»: Шымкентте алаяқ көпбалалы ананы алдап кеткен

Абай ауданының полиция басқармасына алаяқтық жайты туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған сыйақысы үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесуге уәде берген. “Көмегі” үшін азаматша алаяққа 160 мың теңге берген екен. Арада бірнеше ай өте соңғысы уәдесін орындамаған.
Тергеушілер фактіні «алаяқтық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеді.
Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында тәртіп сақшылары оның бұдан басқа үш алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық. Күдіктінің арбауына алданғандардың саны артуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды.
Ұсталған 26 жастағы қала тұрғыны осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын соңды сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.