АБАЙ АУДАНЫНДА 257 МЫҢ 700 ТҰРҒЫН БАР

Шымкентте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов есеп берді. Есептік кездесуге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жиында шаһар басшысы:

— Қайырлы күн баршаңызға, өздеріңіз білесіздер, мен қызметке жақында тағайындалдым. Бүгін жаңа қызмет атқарып отырғаныма үш апта болыпты. Жұмысқа енді кірісіп,  оң жақ, сол жағымызға қарап, қандай жұмыстар атқарылып жатқанына көз жеткіземіз. Өздеріңізге қызмет етсек деген жақсы ниетпен келдік. Әрдайым қастарыңыздан  табыламын. Қаланы гүлдендіруге бар күш-жігерімізді саламыз.  Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасын білесіздер. Тұжырымдама мақсаты ашық диалог орнату.  Кездесудегі мәселелерді талқылап, кері байланыс орнату, атқарылатын жұмыстарды  сапалы жүзеге асыру. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері келіп отыр. Бірінші кездесудің регламентін бекітіп алсақ, ауданның экономикалық дамуы жайлы баяндаманы аудан әкімі Бұқарбай Рысқұлұлына берейік. Одан соң ұсыныс, пікір айтуға көшеміз, — деді. Мұнан соң Бұқарбай Рысқұлұлы ел алдына шығып, баяндама жасады.

Баяндамадан білгеніміз, бүгінде екіге бөлінген Абай ауданында қалғаны 257 мың 700 тұрғын бар. Үй саны — 55 мың 159, көп қабатты тұрғын үйлер — 205, көше саны — 1 мың 274, әлеуметтік нысандар — 230. Сөз сөйлеген

Бұхарбай Парманов:

— Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша, үстіміздегі жылы «Асар-2» шағынауданында жұмыстар аяқталып, «Нұршуақта» 56 көшенің 16 көшесіне кіргізу қалған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Осы газ құбырын жүргізу жұмыстары   Қайнарбұлақ, Қайнарбұлақ саяжайында  келесі жылға өтпелі болмақ.

«Ынтымақ-2» шағынауданында газ құбырын тарту құрылысы басталды. Жоба құны 2,8 миллиард теңге. «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекенінде жоба құны анықталды. 2,3 миллиард теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткен соң құрылыс жұмыстары басталатын болады.

«Самал-3» шағынауданында кәріз су жүйесі толық жүргізілді. «Солтүстік батыс» ауданында біршама жұмыстар қалды. Қалған жұмыстар келесі жылға өтпелі болады.

Енді «Достық, «Асар-2» және Бозарықта кәріз суы құбыры тартылуда. «Тұран-2» тас жолынан 20 шақырымнан аса құбыр жалғануда, — деп ары қарай да біраз жайтты баяндады.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.