АДАЛ ЕҢБЕК — БӘРІН ЖЕҢБЕК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарының соңын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен мақсатты жиын өткізумен аяқтады.

Жиында мемлекеттің мүддесі жолында тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетудің маңыздылығына айрықша тоқталып, адалдық пен ар тазалығы, парасаттылық пен сенім құндылықтарын кеңінен насихаттау арқылы халықпен сындарлы сұхбат құру Штабтың құрылу мақсаты екендігін жеткізді.

Жиын барысында парақорлықтың елге тигізер залалы мен зардабы талқыланып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу –
мемлекет саясатының күн тәртібіндегі басым бағыттарының бірі екендігі түсіндірілді.

Кездесуде сөз алған Е.Тұңғышбаев пара алу, пара беру, делдал болу қылмыстары үшін көрілетін жаза түрі қатаңдатылғанын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері енгізілетінін атап өткенін жеткізді.

Келелі жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.