Әдемі көрінудің 20 жолы

 

Картинки по запросу әдемі әйелӘр қызда ең керекті деген, яғни, асүй мен жуынатын бөлмеде безеумен, шаштың ұшталуымен күресуге, салмақ тастауға және тағы басқа да сұлулық мәселелерін шешуге арналған барлық керекті заттар болуы тиіс. Ал артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

 

  1.  Зат алмасуды жылдамдату

Сізге бал, даршын (корица) және су қажет. 250 мл суды қайнатып, оған бір ас қасық даршын ұнтағын салыңыз. Араластырып, бөлме температурасында салқындатып, 2 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаның жарты бөлігін таңертең ашқарынға, келесі бөлігін ұйықтар алдында ішіңіз. Әр аптада 1 келіден кеміп отырады.

  1. Шашты қалыңдату

Егер сізді шаштың түсуі мазаласа немесе жай ғана боялған шаштарды тірілткіңіз келсе, 1 ас қасық ошаған майын (репейное масло) алып, бас терісін уқалаңыз. Уқалау қанша қарқынды болса, нәтижесі де соншалықты болмақ. Майды бас терісінде 15 минут ұстап, одан соң әдеттегідей шашты жуу керек.

  1. Шаштың ұшталуынан құтылу

Кокос майы – теріні ғана жұмсартып қана қоймай, сонымен қатар, шаштың ұшталып кетуімен де күресетін нағыз тиімді құрал. Оның құрамында шаштың түтікті қабыршағы және қима ұштарынының арасындағы кеңістіктің орнын біріктіретін протеин бар. Шашты жуар алдында 5-10 минутқа шаштың ұшталған бөлігіне кокос майын жағыңыз.

  1. Шашты сергіту

Басыңды жууға ерінесіз бе? Ұйықтап қалып, шашты жөндеуге үлгермей жатырсыз ба? Егер сіз сары шашты болсаңыз, онда көмірсуды (крахмал) алып, шаштың түбіне жағып, біраздан соң тарап алу керек. Ол шаштың майы менк ірін тез алады. Ал шашыңыз қара түсті болса, онда көмірсуға бірнеше ас қасық какао ұнтағын немесе кофе қосыңыз. Нәтиже дәл сондай, ешқандай із қалмайды. Ал шашыңыз таза әрі жарқын өң береді.

  1. Статикалық қуат көзінен құтылу

Сіздің жіңішке шаштарыңыз өздері түтілуге ұмтылып тұрады, өйткені, үнемі электрлендіріліп үйреніп қалған. Киім кептіруге арналған кептіргіш машинадан майлықтарды алып, жай ғана шашты сипап өтіңіз. Жай, шамалы ғана тигізсеңіз болды!

  1. Көз айналасындағы ісіктен құтылу

Кештен бастап қалташадағы көк шайды қайнатып, қолданған қалташаларды тоңазтқышқа салып қойыңыз. Таңертен қалталанып тұрған көздің астына бір минут ұстаңыз. Осыдан кейін қорықпай айнаға қарасаңыз болады.

  1. Қызаруды жеңіңіз

Сұлы қауызын қайнатып қойыңыз, бөлме градусымен салқындасын. Дайын болған ботқадан терінің проблемалы жеріне компресс тартыңыз: теріге жағып, 5-10 минутқа қағаз майлықпен жауып қойыңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жуа берсеңіз болады.

  1. Безеу жайлы ұмытыңыз

Мүмкін сенбессіз, бірақ, сіздің құтқарушыңыз — вазелин. Терінің зақымдалған вазелинді жұқа етіп жағып, сыртынан тағамды орайтын жылтыр қағазбен қымтаңыз. Сүлгіні өте ыстық сумен сулап, оны сығып, плёнканың үстіңгі қабатына жабыңыз. 3 минут ұстап, кейін жылтыр қағазды алып тастап, вазелинді жуу қажет.

  1. Еріннің жарылуымен күресіңіз

Бірдей мөлшерде қоңыр қант, бал және зәйтүн майын араластырыңыз. Жұмсартатын әсері бар әрі өте тәтті скраб дайын!

  1. Күн сәулесінен күйген теріні емдеңіз

Егер теріңіз майлы болс, қоспасыз йогурт немесе теріңіз құрғақ болса, 20% майлықтағы қаймақ жағыңыз. Жарты сағаттан соң ізі де қалмайды.

  1. Теріні сергітіңіз

Алма сірке суын тоник ретінде қолдануға болады. Ол безеуді құрғатып, теріні зарарсыздандырады және бастысы, керемет тазартады. Теріні аса құрғатып жібермес үшін сірке суға аздаған бал мен лаванда эфир майын қосқан абзал. Мұндай тоник тоңазытқышта бір аптаға дейін шыдайды.

  1. Маймен жуыныңыз

Күдікті естіледі. Бірақ қолданып көрсеңіз, көзіңіз жетеді: егер судың орнына зәйтүн майымен жуынсаңыз, тері керемет таза, ылғалды, иіс майды немесе лосьонды қажет етпейтін болады, сонымен қатар, ылғи жарқырап тұрады!

  1. Ерінді томпитуға болады

Қарапйым гигиеналық далапты алып, кішкентай құтыға салып, үстіне 2-3 тамшы ащы жалбыз эфир майын қосыңыз. Мақта таяқшасымен немесе кремге арналған арнайы қалақпен араластырыңыз. Ерніңізге жағып, нәтижесін бағалаңыз!

  1. Бетіңізге нұр сәулесін беріңіз

Сұлыдан, құлпынай және зәйтүн майынан жасалған маска секілді ешқайсысы керемет нәтиже бермейді. Сұлыны суға қайнатып, оған 3-4 жеміс және бір қасық май қосылған езбені қосыңыз. Алдын ала тазаланған теріге жағып, 10-15 минут ұстаңыз. Сосын шайып тастайсыз.

  1. Теріге көңіл бөліңіз

Арнайы майды сорып алатын майлықтарды қарапайым майлықтар да алмастыра алады. Ең бастысы, олар жұмсақ, көп қатпарлы болмаса болды. 16. Көздің астын сызып үйреніңіз

Сізге сұйық «подводкадан» басқа скотч ғана керек. Бар болғаны, тек сол бояғыңыз келген жолақты ғана қалдырып, қабақтың қалған бөлігін скотчпен жабыстырып қойыңыз.

  1. Тісті ағарту

Өзіңізідң қолданып жүрген тіс пастаңызға аздаған сода қосыңыз. Мысалы, тісті жуар алдында тіс пастасы жағылған щетканы содаға батырып алыңыз.

  1. Сәнді шаш жасау

Қысқа шаштарыңыз үнемі қобырап, бет әлпетіңізді бұза ма? Қарапайым иісмайды алып, шаштың бетіне жағып шығыңыз. Шашыңыз лак жаққандай тегістеліп, жылтырап көрінеді.

  1. Әтірдің жұпар исі ұзақ сақталсын десеңіз

Желдің есуінен иіс кетіп қалмасы үшін әтірді мойынға, білезіктерге және киімге сепкеннен кейін осы орындарға жұқа етіп вазелин жағыңыз. Әтір өз қалпында күні бойы сақталады.

  1. Тырнақты ағарту

Жай ғана оны тіс пастасымен жуу қажет. Өте оңай!

 Дерексөз ZHARAR.kz сайтынан алынды

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.