ӘДІЛЕТТІЛІК САЛТАНАТ ҚҰРСЫН

Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. Бүгін, 5 маусым – тарихымыз үшін маңызды күн. Біз 27 жылда алғаш рет референдум өткізіп, халықтың тікелей қатысуымен Конституцияға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдап жатырмыз. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Президентіміз заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады деп санаймын. Саяси трансформация барлық адамның мүддесі үшін қажет. Ал, адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне байланысты.

Бүгін мен азаматтық парызымды орындап, мемлекетіміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім. Себебі референдум – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына да тікелей әсер ететін маңызды сәт. Заң түзеп алмай, қоғамды түзеу бекершілік екені белгілі. Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциядан бастауы әділеттіліктің нышаны деп қабылдадық. Өзі айтқандай, бұл түзетулердің тарихи маңызы бар.

Бекайдар Тулегенов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары, фракция жетекшісі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.