АХМЕТЖАН ЕСІМОВ ҚОРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БАЯНДАДЫ
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына қатысты.
Өз баяндамасында Ахметжан Есімов Қор іске асырып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелері жайлы хабардар етті. Аметжан Есімовтың айтуынша, Мемлекет басшысы атап өткен әлеуметтік бастамалардың барлық бағыттарын Қор белсенді түрде іске асырып жатыр.
Ағымдағы күнгі жағдай бойынша «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазынаға» кіретін барлық компаниялардың атынан жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр.
Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.
Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан 100-ге жуық балаға шетелде емделуге қаржылай көмек көрсетілді. 1400-ге жуық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік – тұрмыстық көмек көрсетілді.
Еліміздің 11 облысының елді мекендерінде 41 әмбебап спорт және ойын алаңы орнатылды. 60 коммерциялық емес ұйымның 120 өкіліне қосымша білім және кеңес беру арқылы көмек көрсетіледі, оның ішінде 50 ұйымға өз әлеуметтік кәсіптерін дамытуға қаржылай грант берілді.
«Медициналық пойыздар» жобасы аясында Республиканың алшақ бекеттерінде тұратын 60 000-нан астам адамға биыл білікті дәрігерлер диагностика жасап, ем көрсетеді.
Еске сала кетсек, наурыз айының басында, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берілген Мемлекет басшы тапсырмаларының орындалуын талқылау барасында А. Есімов «оң қаржылық нәтижелер әлеуметтік жобалардың іске асырылуын жалғастырып қана қоймай, Президент тапсырмаларының аясында олардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді»,-деп атап өткен.