Айына екi рет босанған
Оңтүстік Азиядағы Бангладеш Республикасының тұрғыны 20 жастағы Арифа Сұлтан бір айда екі рет босанып, үшемді дүниеге әкелді.
Ақпан айының басында босанып, ұлды болған Арифа арада 26 күн өткенде қайта іші ауырып, ауруханаға жеткізілген. Дереу УДЗ-ге түсірген дәрігерлер оның құрсағында әлі айы-күні жетпеген тағы егіз баланың жатқанын анықтайды. Бірақ, балалардың өміріне қауіп төнгендіктен, кесарь тілігі жасалып, 21 наурыз күні бір ұл, бір қыз бала аман-есен дүниеге келеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір үш баланың да жағдайы жақсы.