Жуырда мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы Л.Қойлыбаевтың қызметінен кеткені туралы ақпарат таратылды.Мәселе бір адамның кеткенінде емес, бөлім басшысының өзібілермендікке салынып, аудан мен облысты шулатқанында болып тұр ғой.
Л.Қойлыбаевтың мектеп директорларын «қолғапша» ауыстыруы ауданның тарихында болмаған іс еді. Және ол адал азаматтарды қудалап, өзгелерге «Тобасына» келетін
ой салуды ұстаған сияқты.
Бірлік орта мектебінің директоры мектепті көмірмен қамтамасыз ететін мердігердің алаяқтығын анықтаған фактісі де Л.Қойлыбаевтың көңілінен шықпайды. Шұбаркөлдің
көмі рін әкелуге келісімшарт жасатқан мердігердің бағасы
арзан, сапасыз көмір әкелгенін мектеп директоры сот сарап тамасын жасату арқылы дәлелдеп еді, Л.Қойлыбаев оның соңына түсіп берсін. Басшының қудалауына шыдамаған директор қызметтен кетуге өтініш жазғанымен, Л,Қойлыбаевтың өзінің қызметтен босанып кетуіне байланысты, өз орнында қалуға мүмкіндік туды. «Аққа Құдай жақ» деген осы шығар, әйтпегенде «Бірліктің» директоры да А.Қойлыбаевтың бір «құрбандығына» айналып кетер ме еді?
Мектептерде басшы және аудандық білім бөлімінде қызмет істеген білімді де, білікті кадр Ж.Мамырова басым тәжік балалары оқитын Фирдоуси мектебіне директор
болып тағайын далады. «Завучтың» бірнеше туыстарын, бір мұғалімнің 23 туысын, тағы бір мұғалімнің де бірнеше туыстарын, т.б. туыстық қатынастағыларды мектепке жинап алудың сорақылығы жаңа директордың алдынан сорайып шыға келеді. Директордың ешкімнің бет жүзіне қарамай, бақылауды күшейтіп, тәртіп орната бастағаны мектептегі «сыбайластық» топқа жақпайды. Директор заңбұзушылыққа
бара қой майды. Ал «сыбайластардың» не істерін білмей жүргенінде ауданға облыс әкімі келетіні белгілі болады. Сыбайластар өз «ақсақалдарын» жиып, аудан әкімдігіне апарады. Барған делегация «директорымыз Ж.Мамырованы алып кетпесеңдер, облыс әкімінің алдына наразылық шеруін өткіземіз деген «ультиматум» қояды. Олардың директордың қызметіне қоятын иненің жасуындай кінәлары жоқ. Бар айтатындары бірақ сөз. «Директорды алып кет». Өзге ұлттың аузынан қоқан-лоққы сөзін естігенде, жапырақша қалтырайтын біздің шенді-шекпенділер енді Ж.Мамыроваға жалынуға шығады. «Бас дирижер» Л.Қойлыбаев болса, Ж.Мамыроваға: «Аудан мен облысты ұятқа қалдырмайықшы. Өз өтінішіңмен дирек торлықты уақытша қоя тұр. Мен сені қайта директор етемін»,деп өтінішін жаздырып алады. Кейін қызмет
берілмейді де, Ж.Мамырова далада қалады.
Ж.Мамырова мәселенің мән-жайын ашып айтып, өзін өтініш жазуға мәжбүр еткен Л.Қойлыбаевтың заң бұзушылық әрекетін сотқа береді. Сот төре лігі әділдігінің арқасында Ж.Мамырова Фир доуси мектебінің директоры қызметіне
қайта орналастырылып, бүгінде өз қызметін атқару үстінде.
Л.Қойлыбаевтың қанша директормен соттасқанын саралаудың өзі оңай болмаса керек, түрлі «қойыртпақтың» бірінен соң, бірі тұр.
Редакцияға арызшағым толастамаған соң, газетіміз дің бас редакторының Л.Қойлыбаевпен жүздесуіне тура келді. Ол болса, әрине өзінің сөзін жөн дейді. Бас
редактор арызшағымның фактілерін негізге ала отырып оған: «Бауырым Лесхан, «шекарадан» шығып кеткенсің. Өзіңнің досың, сарыағаштық М.Маханов та шектен шығып кеткенінде де хабарласып, қызметті қоя сал деп айтып едім.Тыңдамады, ақыры не болды? Сотталып тынды. Шынайы жанашырлықты түсінетін азамат болсаң, қызметті «спокойно» қоя салудың ендігі кезегі сенікі. Қызметті тарта алмаған соң, қиюы қашқан тірлікпен елжұртты ығыр еткенше қоя салған дұрыс. Жасыратын несі бар,
сенен кейінгі кезек Бәйдібек ауданы білім бөлімі басшысы А.Құлымбетке келіп қалуы да ғажап емес »,депті ертеңгі күнді болжап бергендей етіп.
Биыл Бәйдібек ауданы ҰБТ тапсыруда орташа 60 балл алып, облыста соңғы орынға жайғасты. Оның үстіне білім бөлі мінің ғимаратындағы құрылыс жұмысына заңсыз тартылған ауыл мектебінің мұғалімі қайтыс болып, оның дауына әлі нүкте қойыл мағаны бар. Осындай келесңіздіктерді жасауға барған басшы аудандық білім бөліміне керек пе? Басқа-басқа, дәл қазір білім бөлімдерінің тізгінін ұстауға білікті де,іскер кадрлар керек болып тұр. «Көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған» Ақбала сияқтылардың өздеріне лайықты орынға барып отыратын уақыты болды
дер едік.
Жалпы, облыс аумағында білім саласының жұмысында тоқыраудың бары анық-ақ. Облыстық білім басқармасы басшысы қызметінің де айлап бос тұруы да осындайлардың салдары болса керек, әсте.
Білім бөлімі басшыларының қызметтік міндетін атқару барысына қатаң бақылау жасап, қатқылдау талап қоюға құзыреті жететін қала мен аудан әкім дерінің «Заврайонаға» келгенде екі бүктеліп қала тындықтары қалың жұртшылықтың күлкісін келтіретіні анық. Бұл жердегі мәселе «мек еп директорларын тағайындауға тірелетінін біздің
өңірдің бес жасар баласы да біледі. Мектеп директорының суреті көрінетін «картаның тұзын» ұстаған «Заврайонаға» сөзі өтпейтін Сарыағаштың әкімі Қ.Әбдуәлиевтің бірекеу
емес, бірнеше мектептер директорсыз отырғанда үн шығара алмауының астары осында жатқан жоқ па? Бір жыл бойы Мақтааралда А.Қойлыбаевтың бетінен жел еспей
жүргені әкім Ғ.Исмаиловтың тізгінді бос ұстауынан болса керек. Не болғанда да Мақтааралдағы мәселе шешілуге бет алғандай, қазірше.