Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

Қоғамдық көліктердің карантин кезіндегі жағдайы бақыланды

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов қоғамдық көліктің карантин кезеңіндегі жағдайын байқау мақсатында бақылау тексеру қызметі мамандарымен бірге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Карантин талаптарына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеттелгендіктен және қоғамдық көлік адам көп шоғырланатын орын болғандықтан бақылау қызметі мамандары және кондукторлар автобустарда бетперде тарқатып, ескерту жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қоса айта кететін тағы бір жағдай қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Күн сайын бақылау қызметі мамандары мониторинг уақытында демеушілер есебінен маскасы жоқ жолаушыларға маска тарқатуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 2 АДАМ СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН

admin

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТҰРҒЫНДАРҒА 100 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

admin

Терроризмнiң қаупi салиқалы сөз етiлді

admin