Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты: Не заманауи база, не кәсіби мамандар жоқ

Жақында қауіпті вирус табылды деген себеппен қазақстандық томат пен бұрыш өнімдерін Ресейге кіргізуге тыйым салынуына  зертханалардың аталған бағыттағы мардымсыз жұмысы да себеп болып отыр. Мұндай сауда соғысында тауардың сапасын ғылыми тұрғыдан растау басты дәлел болып саналады. Ал біздің зертханалық базамыздың жағдайы ешқандай сын көтермейді. Он жыл бойы біз өсімдіктер карантині бойынша зертхананы жөнді ұйымдастыра алмай келеміз. Не заманауи база, не зерттеудің қазіргі әдістерін меңгерген кәсіби мамандар жоқ.

Елімізде гендік модификациялан-ған организмдер (ГМО) өнімдерін зерттеу жүйесіндегі жағдай да осындай. Сондықтан Қазақстанға гендік модификацияланған тамақ өнімдерінің және тұқымдық материалының кіру қаупі өте жоғары.

Бұл мәселелердің экономикамыз және азаматтарымыздың денсаулығы үшін аса маңызды екенін ескеріп, сараптамалық қызмет көрсететін барлық зертханаларға ревизия жүргізген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, оларды заманауи деңгейде кадрлық, техникалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, еліміздегі сараптама жүргізетін мекемелерді жаңғыртуға қатысты тиісті шаралар қабылдау қажет деп санаймын.

ult.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.