Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты: «Ветеринария еліміздегі ең жемқор салалардың біріне айналды»

Ветеринария жүйесінің елдегі ең жемқор салалардың біріне айналғаны ерекше алаңдаушылық тудырады. Ал мұның себебі – жалақының мардымсыз деңгейі (мал дәрігерінің орташа айлық жалақысы 80-100 мың теңге шегінде), зиянды еңбек жағдайлары үшін үстемеақының болмауы, ветеринарлық ұйымдар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының артта қалуы.

Сыбайлас жемқорлық ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу жүйесін де терең жайлап кетті, бұл – саланың сапасыз вакциналар мен диагностикумдармен жабдықталуына себеп болды. Жергілікті жердегі ветеринарлық мамандардың білім деңгейі өте төмен. Елде ветеринарлардың біліктілігін арттыру жүйесі жоқ деуге болады. Оқу орындарында ветеринар мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін зертханалық-тәжірибелік база жетіспейді. Мал дәрігері мамандығының жастар арасында беделі жоқ және тартымсыз.  Сол себепті  ауылдық жерлерде көбінесе зейнет алдындағы және зейнеткерлік жастағы ветеринар-мамандар жұмыс істеуде.

«ҚД»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.