Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:… жоғары оқу орындарында ұстаздар жалақысы тиісті түрде өсе қойған жоқ

Білім гранттарының бағасы мамандығына қарай 1,3-2,7 есеге көтерілді. Бұл ақша мақсатты түрде оқытушылар құрамының жалақысын көтеруге де жұмсалуы керек еді. Алайда бірқатар жоғары оқу орындарында ұстаздар жалақысы тиісті түрде өсе қойған жоқ.

Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған университеттер гранттардан түскен ақшаға жаңа ғимараттарды салуға және ескі нысандарды күрделі жөндеуге жұмсады

Себебі біздің жоғары оқу орындарының көпшілігінде бюджетті жұмсау мәселелері оқытушылармен де, ғылыми кеңеспен де келісілмейді, тек олардың менеджерлері жеке дара шешеді. Университеттерге академиялық еркіндік бере отырып, біз олардың ісіне сырттан араласуды шектеп, олардың басшылығына ауқымды өкілеттік беріп қойдық.

Осының салдарынан оқытушылардың жағдайы мәз емес. Қазақстанда мемлекеттік университетте жұмыс істейтін қатардағы оқытушының жалақысы, шамамен, 120 мың теңге. Сонда мектеп мұғалімі алатын жалақыдан да төмен болып тұр. Ал оқытушы-профессор құрамының жүктемесі, шамамен, 700 академиялық сағатты құрайды. Оған қоса, сабаққа дайындалып, ғылыммен айналысу керек. Қатардағы университеттер оқытушыларының жалақысын Ұлттық университеттердің деңгейімен теңестіру туралы мәселені қарау әділетті болар еді.

baq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.