ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУҒА 25 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағындағы 102 орталық маңызы бар және 302 ішкі орамдық көшелерде қардан тазарту жұмыстары қолға алынды. Қар күреу жұмыстарына «Build stroi» ЖШС тарапынан 25 арнайы техника мен 110-ға жуық адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар, аулаішілік аяқжолдар мен аялдамалардың қары тазалануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.