Әлемнің әйгілі сұлулары сұлулық туралы не дейді?

«Әдемі болу дегеніміз — өз-өзіңе көңілің толу. Менің жасарғым келмейді, жасанды болып көрінгім келмейді. Маған өзімнің жасымда болған ыңғайлы. Мен өзіммен тату тұрамын». Иман.

***

«Әрине, сұлулық ішкі жан-дүниеден басталады деп қайта-қайта айта беруге болады, бірақ жақсы косметика артық болмайды. Себебі, ол бізге табиғат сыйлаған сұлулығымызды сақтап, тіпті одан да әрлі етуге көмектеседі». Карли Клосс.

***

«Шынайы сұлулық — келісті келбет пен әдемі мүсіннен де үлкен нәрсе. Ол өз-өзіңе деген сенімділікпен, өзге адамдарға деген қарым-қатынасыңмен де бағаланады». Ирина Шейк.

***

«Өзіңді сымдай тартылған сымбатты сезінуден тәтті сезім жоқ». Кейт Мосс.

***

«Тіпті мен де таңертең Синди Кроуфордқа ұқсамаймын». Синди Кооуфорд.

***

«Иә, менің мүсінім қалыптасқан модельдерге тән мүсін емес. Бірақ, біреулердің ауыр сыны мені арықтауға мәжбүрлей алмайды. Маған осы қалпым ұнайды. Және мен осы қалпыммен мақтана аламын».

Джиджи Хадид.

***

«Меніңше, ең әдемі адамдар — жай ғана жақсы әсер қалдыра алатын адамдар. Олар жүрегіңізді тебіренте алады». Белла Хадид.

***

«Егер не ішіп-жегеніңізді қадағалап отырмасаңыз, онда қоқыс жәшігіне айналасыз». Жизель Бундхен.

***

«Раушан гүлі ешқашан күнбағысқа айналмайды, ал күнбағыс раушан гүлі бола алмайды. Дегенмен, әр гүл өзінше тартымды. Әйелдер де сол сияқты».  Миранда Керр.

***

«Мен үшін сұлулық ішкі жан-дүниеңнен басталады деген сөздің жаны бар. Меніңше, сұлу болғаннан гөрі өзіңді сұлу сезіну маңыздырақ. Себебі, егер денсаулығыңыз бен көңіл-күйіңіз керемет болса, сырт келбетіңіз де өте тартымды көрінері анық».  Кристи Тарлингтон.

***

«Менің тартымдылығымның құпиясы қарапайым: дұрыс тамақтану, спорт және жақсы көңіл-күй».              Адриана Лима.

***

«Бәрі менен қасың өзіңдікі ме деп сұрайды. Мен оларды мүлде дерлік жұлмаймын. Оларға еркіндік бергенді жақсы көремін». Кара Делевинь.

***

«Мынаны түсінгеніміз жөн: модель бизнесінде өмірде жоқ сұлулықтың елесі ғана сатылады». Хайди Клум.

***

«Мен модель ретіндегі жұмысымды жаңа бастағанда бәрі мені өзгертуге тырысты: олардың көзінде мен тым толық, бойым тым кішкентай болдым, олар менің тісімді де ауыстырып тастағысы келді. Бірақ, менің түіснгенім, нағыз сұлулық — өзіңнің табиғи қалпыңа адал болу. Маған әрдайым өз-өзіме сенімді болуға көмектесетін нәрсе осы». Летиция Каста.

***

«Сұлулықты тартымды ететін не нәрсе? Тек ол туралы әркімнің көзқарасы әртүрлі екендігі ғана».                 Тайра Бэнкс.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.