Аллергияға қарсы тұнбалар

Итошаған. Аллергияға қарсы ең жақсы халық емдерінің бірі – осы итошаған. Бағасы өте арзан тұратын бұл шөпті кез-келген дәріханадан табуға болады. Сонымен, итошаған шөбінің бір қалташасын 150 мл қайнаған суға демдеп, бетін жауып қойыңыз. 30 минуттан соң қалташаны алып тастаңыз. Осы тұнбаны әр тамақ ішіп болғаннан кейін 50 мл-ден ішіп тұру керек. Бір дайындағаныңыз бір күнге жетеді. Бұл тұнба аллергиядан құтқарып қана қоймай, терінің түсін де жақсартады.

Таңқурай тамыры. Бұл тұнбаға таңқурай тамырының 50 грамы керек болады. Оны өз бақшаңыздан қазып алсаңыз, жақсылап жуып, 750 мл суға салыңыз да, баяу отта 40 минуттай қайнатыңыз. Тұнбаны 4 шай қасықтан тәулігіне үш рет ішіп тұрған жөн. Емшараны аллергия белгілері жоғалған соң тоқтатуыңызға болады.

Итмұрын. Итмұрын тұнбасын жүктілік кезіндегі аллергияға қарыс пайдалануға болады. Оны дайындау үшін 1 л қайнаған суға итмұрын жемістерін салып (құрғақ бұталарын қосуға да болады), тұндырамыз. Су қызы-қоңыр түске боялғанда тұнба дайын болады. Сондай-ақ бұл тұнбаны балалардағы аллергияның алдын алу үшін азырақ қант қосып, шай ретінде ішкізуге де болады

Лавр жапырағы. 4 лавр жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, 20 минут баяу отта қайнатыңыз. Тұнбаны сәл суытып, терінің зақымданға жерлеріне жағыңыз.

Түймедақ. 4 ас қасық түймедақтың құрғақ ұнтағын 1 литр қайнаған суға слып, 20-25 минут қайнатыңыз. Тұнбаны суытып, қызарған жерлерге жақсаңыз, қабынуды басып, ісінген жерлерді қайтарады.

 

 «Жас-ай» журналы

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.