АЛЫП АЯЗ АТА
Үндістандық сәулетші Сударсан Паттнаик 10 000 пластик бөтелке мен 800 тонна құмнан алып Аяз атаның мүсінін жасады. Оның бұл керемет туындысы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Үндістанның Одиша штатындағы Пури қаласының жағажайынан бой көтерген бұл туындыны көруге бүгінде жан-жақтан туристер ағылып келуде. Сәулетші құрылыс материалы ретінде пластик ыдысты таңдау арқылы қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына аударуды көздеген.