• «AMANAT»: ДЕПУТАТ КЕЛЕСТІКТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІНЕ ЗЕР САЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті инфрақұрылым мәселелері қозғалды. Жүзімдік ауылдық округінің тұрғыны Қ.Ерубаева бірден 7 өзекті мәселені көтеріп, арыз-шағымын жеткізді. Атап айтқанда, интернет сапасының нашарлауы, ауыз су және көгілдір отынмен қамту, жол салу, электр бағаналарының ескіруі, көшелерді жарықтандыру сондай-ақ жаңа емхана соғу сынды арыз-шағымдар назарға алынды.

Азаматтарды арыз-өтініштері бойынша қабылдаған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Роллан Шерімов елді мекен тұрғынын мұқият тыңдады. Депутат аталған мәселелер облыстық деңгейде зерделеніп, жауапты мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын айтты. Өтініш иесіне жауап жолданатын болады.

Ал, Ж.Дауренова мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қарастырылатын мүмкіндіктер мен тегін дәрі-дәрмек алу мәселесі бойынша талап-тілегін жеткізді. Кездесуге жеке адвокат Алмасхан Уатбаев та шақыртылған болатын. Ол тұрғындардың жағдайын талдай келе, заң аясында түсіндірмелер мен кеңестер берді. Жалпы қабылдауға келіп түскен өтініштердің оңтайлы шешілуіне партия филиалы ықпал жасайды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.