• «AMANAT»: МАҚТААРАЛДЫҚ ШЕКАРАШЫЛАР КІШІ ФУТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Мақтаарал ауданында “Спорт сенің серігің” атты ұранмен жастар арасында кіші футболдан жарыс өтті.
«AMANAT» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы және аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і бірлесіп «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы аясында аталмыш спорттық шараны ұйымдастырды. Аудан әкімінің кубогі сарапқа түскен тартысты сайыста 20 команда бақ сынасты.

Жарысқа аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұхтар Сәрсенов, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық сот төрағасы Құнанбай Мұсаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев, БАҚ өкілдері мен қолдаушылар қатысты.

— «AMANAT» партиясы спорт саласына әрдайым қолдау білдіріп келеді. Соңғы 2 айдың өзінде футбол бәсекесін кезекті рет өткізіп отырмыз. Аудан әкімдігі және жастармен бірлесе ұйымдастырған жарыстарға қызығушылық артып жатқанын атап өткен жөн. Бұған дейін өткен шағын футболға 22 команда қатысса, осы жолы да қызығушылық танытқандар қатары көп болды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды спортпен шұғылдануға ынталандырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Жауапты бөлімдермен кеңесе отырып, ауданымызда түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. ,-деген Мұхтар Сәрсенов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Теңбіл доп додасының қорытындысы бойынша 3-орынды “Жалал ата” ұжымы, 2-орынды “Білал ата” командасы иемденді. Ал, “Шекарашылар командасы” 1-орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.