•«AMANAT»: МЫРЗАКЕНТТЕ СПОРТ САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында спорттық инфроқұрылымды дамыту жұмыстары іске асырылуда. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасына» сәйкес Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс нысанының іргетасы қаланды. Спорт сарайы ел игілігіне берілгеннен соң аудан жастарына көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.
Нысанның конкурстық құны 881 миллион теңгені құрайды. Қажетті қаражат «Ауыл — ел бесігі» Ұлттық Қорынан бөлінген. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. Ағымдағы жылы сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары келер жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
Нысан 2 қабаттан тұрады. Сондай-ақ, 2 үлкен спорт залы және жаттығу залы, сабақ өтуге арналған арнайы залдар бар. Бірінші спорт залында гандбол, баскетбол, волейбол ойындарынан шәкірттер тәрбиеленетін болады. Ал, екінші спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған жағдай қарастырылған.
Бұдан бөлек, спорт сарайының қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, медициналық бөлме, киім шешетін және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.