• «AMANAT»: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түлкібас ауданына қарасты Абайыл ауылының жастары биылғы жаңа оқу жылы жаңа ғимаратта бастайды. Аудандағы шалғай елді мекендердің бірі саналатын ауылда мектеп өзекті мәселенің бірі болып келген-ді. Биыл «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында бой көтерген заманауи жаңа 100 балаға шақталған Н.Қасымбеков атындағы мектеп (сметалық құны — 389,1 млн.теңге) пайдалануға берілді.

Қасымбеков Нұрлыбай Тұңғышбайұлы-1922 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1937 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп, Алматы теміржол техникумына оқуға түседі. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда оқуын аяқтамай майданға аттанады.Фашист басқыншыларын азат ету жолындағы кескілескен ұрыста үлкен ерлікпен шайқасып, екі рет ауыр жарақат алады. Госпитальда емделіп шыққаннан соң 1944 жылы Камышинск командирлік әскери училищесіне оқуға түседі. Соғыс аяқталғаннан соң 1946 жылы оқуын бітіріп, елге оралып өзінің ауылы Түлкібас ауданының Абайыл станциясындағы мектепке мүғалім, содан соң директор болып 45 жыл қызмет атқарады.

Мерекелік жиын барысында мектеп алдынан соғыс ардагері, ұлағатты ұстаздың 100 жылдық мерейтойына арналған бюст ашылып, тағзым етілді.
Айта кетерлік, ғимараттың құрылысы 2021 жылдың тамыз айында басталған. Қасымбеков Нұрлыбай атамыздың ұрпақтары аталмыш жаңа білім ордасында білім алатын балалардың сауаттылығын арттыруға компьютер сыныбын толық жабдықтап, мектеп кіреберісін аббатандыруға және мектеп ауласына спорт алаңшасының бой көтеруіне демеушілік жасап отыр. Нысанға тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы, мердігер «Шах құрылыс компаниясы» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «KAZZAMANAN STROI» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «АВАНГАРД-ОК» ЖШС. Нысанның жалпы аумағы – 10 000.00 м2, құрылыстың аумағы – 1750, 17 м2. Білім нысаны жалпы 44 бөлмемен қамтылған. Оның 5-і мектеп оқушыларына арналған болса, 1-і оқушылардың компютерлік сауаттылығын арттыруға арналған бөлме болып табылады. Сонымен бірге, кітапханаға, мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бөлімшесімен, директор кабинетімен, оқушыларға арналған медициналық қабинеттерімен, оқушыларға арналған санузелмен, спортзалдармен қамтылған. Одан бөлек, нысанның сыртқы жағында бөлек жылыту бөлмесі салынған, 50 кубтық өртке арналған резервуармен, 30 кубтық кәріз жүйесімен, сыртқы стадионмен, сыртқы жүгіру жолағымен, балаларға арналған алаңша ыңғайластырып соғылған.

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында келеген қонақтар ауыл ішінде орналасқан соғыс ардагерлері ескерткішіне арнайы ат басын бұрып, осы ауылдан соғысқа аттанған жандардың әруақтарына тағзым етіп, құран бағыштады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.