АМАНАТТЫҚТАР АҚСАҚАЛДАР МЕН АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық Еңбекші ауданының зиялы қауым өкілдері, ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары референдум туралы өз ойларын ортаға салды.

Баскосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, мәслихат депутаты, фракция мүшесі Байкен Әшірбаев және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова қатысты.

— «Конституцияға енгізілетін өзгерістер елдің болашағын айқындайды. Сондықтан, еліміз маңызды саяси қадамға әр азамат өз үлесін қосуы қажет», — дейді ел ағалары.

— «Демократиялық қоғам қалыптастыруда азаматтардың ой-пікірі, дауысы өте маңызды. Әр азамат өз болашағын өзі айқындай алады. Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халық зерделеп, таразыға салып, 5 маусым күні дауыс беру арқылы азаматтық позициясын білдіре алады»,-деді басқосуда сөз алған Байкен Әшірбаев.

Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Референдум аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Жиын соңында көпті көрген қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналар ақ батасын берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.