ANTIKOR LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті болып табылады, деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали Департаменттің 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылау бойынша өткен брифинг барысында.

Осы ретте қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылған.

Спикердің айтуынша карантиндік шаралар кезеңінде жұмыс онлайн форматта жүзеге асырылған.

«Цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Antikor Live» және «Adal Komek» жобалары іске қосылды. Аталған жобалар халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді алаңға айналды. Сондай-ақ, жобалар қоғам мен мемлекеттік құрылымдарда кең қолдау тапты» — деді Асхат Жұмағали.

Жобалардың жүзеге асырылу сәтінен бастап (а.ж. наурыз айынан) 460-тан астам тікелей эфирлер ұйымдастырылып, 400 мыңға жуық адамды қамтыған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.