АРНАЙЫ ТОП КӨШЕЛЕРДІ 482 ТЕКШЕ МЕТР СУДАН АРЫЛТТЫ

Шымкентте  жауын-шашынға байланысты туындаған қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен арнайы топ құрылған.

Топқа 68 бірлік техника мен 35 дана мотопомпа және 200-ден астам төтенше жағдайдың қызметкерлері жұмылдырылды.

Соңғы тәулікте қалада жауын суын тарту үшін 114 адам, 34  техника (негізгі 25 бірлік, арнайы 6 бірлік, қосалқы 7 бірлік) және 28  мотопомпа кезекшілікке  түсті.

Жаңбыр суынан арылту жұмыстарын жүргізу үшін 12 мекенжайға арнайы топ пен техника жіберілген.

Кезекшілер Абай ауданындағы Жұманов көшесі №20 үйдің алдынан 20 текше метр су шығарса, Темірлан тас жолы «Закир» дүкенінің алдынан 40, Асқарова көшесі №49 үйдің жертөлесінен 20 текше метр және Ынтымақ ш/а, Қозы көрпеш көшесінен 50 текше метр суды тартты.

Сонымен бірге, Солтүстік-Батыс ш/а Найзалы көшесіндегі №84 үйдің ауласынан 40 текше метр және Қазығұрт ш/а, Жібек жолы көшесінен 7 текше метр су шығарылды.

Қаратау ауданында Достық ш/а Алтын өлке көшесінен 40, Нұртас ш/а, Шұғыла көшесі  160 текше метр судан арылды.

Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша Сауле ш/а Зерделі көшесінде 80 текше метр суы құрылғы көмегімен тартып алынды.

Қалада18 наурызға қараған түні кезекші топ көшелерден  482 текше метр суды шығарған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.