«Арт-терапия» іс-шарасы өтті
Бүгін «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен жастар арасында Интернет және YouTube тәуелділіктер мен құмар ойындардың алдын алу бойынша ашық аспан астында «Арт-терапия» іс-шарасы өтті. «Арт-терапия» барысында модератор жүргізген арнайы ойынға қатысушылар қатыса отырып, ойының жылдамдығын көрсетті. Сонымен қатар қатысушыларға әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы жеке пікірлері туралы сұрақтар қойылды.