АРЫСТЫҚ ТҰРҒЫН КҮНІНЕ МЫҢ ҚОЛҒАП ТІГЕДІ

Арыс қаласының тұрғыны Жадыра Дүйсехан күніне 1000 жұп қолғап тігеді. Мамандығы инженер-конструктор. Жас кәсіпкер сұранысқа ие құрылыс қолғаптарын Қазақстанның бірнеше қалаларына жолдап жатыр.  Шымкент, Алматы Атырау қалаларының құрылысшыларын қамтуға қауқарлы арыстық цех небәрі екі жыл бұрын ашылған. Шикізатты Ресейден тапсырыспен сатып алады.

Өндіріс иесі мемлекеттік бағдарлама аясында 505 000 теңге көлемінде қайтарымсыз  грант жеңіп алған. Отбасымен 2 тігін станогын сатып алып, кәсібін бастаған. Былтыр «Бизнестің жол картасы 2021-2025» бағдарламасы шеңберінде инновациялық гранттың иегері атанып,   4,5 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Мемлекеттік көмектен кейін отбасылық бизнесін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік алады. Кәсібін дөңгелетіп, төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.