«АСАР-2» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ЖОЛ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін «AMANAT» партиясының бақылау комиссиясы Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Асар-2» тұрғын алабына барып, асфальттау және инфрақұрылымға қатысты мәселелермен танысты.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жол жиегі мен жаяу жүргіншілер жолының тым жақын екенін, соның салдарынан балалардың ол жерден өтуі ыңғайсыздық тудыратынын жеткізді. Сондай-ақ, Нұржол және Атакент көшелеріндегі асфальттардың тозығы жеткендігі және жолды кеңейту мәселесі көтерілді. Кәріз жүйесі бойынша айтылған проблемалардың шешу жолдары талқыланып, аманаттықтар тиісті басқармаларға мәселенің мерзімінде сапалы орындалуын тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшсы Ж.Бектаева, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Ташқараев, партия мүшелері Б.Қуанышбеков, Е.Серкебаев, қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Т.Балтабаев, Т.Исхахов, А.Зейнетаев, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Р.Ибрагимов және Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілі қатысты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.