Әскерге шақырудың алғашқы айында облыстан 400-ге жуық жас әскер аттанды

Мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Алматы қаласының десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды, ал 30 бала Шекара қызметіне жіберілетін көктемнің соңғы команда құрамына кірді.

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармасының басшылығы, Қарулы Күштерінің ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарының ардагерлері, «Аналардың жүрегі «сарбаз аналар комитеті» РҚБ өкілі Шарифа Муминова, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев әскерге шақырылушылар мен қонақтарға арнаған сөзінде өңірде тұратынын 2,2 миллионнан астам адамның 630 мыңға жуығы жастар екенін атап өтті.

— Бүгін біз облысымыздан әскерге шақырылушылардың екі командасын шығарып салудамыз. Осы сәтте Бауыржан Момышұлының «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген сөздерін еске алғым келді. Бүгін әскерге аттанған жігіттер әскери саланың  қыр-сырын меңгеріп, айтулы азаматтарға айналады деп сенемін. Бұл сала оңай емес. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Біздің жігіттер міндетті абыроймен атқарады деген ойдамын. Баршаңызға сәтті сапар, денсаулық тілеймін!  — деді Бейсенбай Тәжібаев

Қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев әскерге шақырылушыларды өмірлеріндегі өте жауапты және маңызды кезеңмен құттықтап, бұл тәжірибе оларға міндетті түрде пайдалы болатынын атап өтті.

— Қызмет барысында жақсы дене шынықтыруға, сондай-ақ жауапкершілікті және тәртіпті болудың үлгісіне айналатын азамат болуға болады. Барлығына сәттілік пен амандық тілеймін! — деді Нұрмаханбет Дүйсебаев.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде облыстан 2500-ге жуық адамды шақыру жоспарланған. Бүгінгі таңда Шекара қызметіне 320-дан астам ер-жігіт жіберілді, наурыз айының соңынан бастап ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне шақыру басталды. Шара соңында Түркістан қаласының Мәдениет үйінің өкілдері концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.