АТАКЕНТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков Атакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бейсенбай Тасболатұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, кенттегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Б.Төребеков мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сонымен қатар, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі