АУДАРЫСПАҚТАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Аударыспақтан «Түркістан облысы әкімінің Кубогіне» арналған ашық республикалық турнир өтті. Ұлттық спорттың көшін бастаған спорт түрінен өктен жарысқа еліміздің ең таңдаулы деген балуандары қатысып, бақтарын сынады. Биылғы турнирдің ережелері өзгерген. Өткен жылы төрт салмақ дәрежесі бойынша балуандар жекелей күш сынасса, биыл сегіз салмақта командалық  жеңімпаздарды анықтады. Ең бастысы ұлттық спортымызды өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Бұл сайысқа Түркістан облысының  құрамасы жоғары  деңгейде дайындықпен келгенін тағы да көрсетті. Еліміздің  ұлттық  спорт  қауымдастығының бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов бұл  турнирдің жастар үшін берер пайдасы мол екенін атап өтті. 

Көптен күткен дүбірілі додаға спортшылар да асқан дайындықпен келіп, жарыс көркін қыздырды. Сайыс қорытындысымен түркістандықтар 5 алтын, бір күміс және үш қола медальді еншілеп,  «Түркістан облысы әкімі кубогіне» арналған жарыста командалық бірінші орынды жеңіп алды. Ал, Қызылорда облысынан келген жігіттер үш күміс, бір қола алқаны олжалап, командалық екінші орынды иеленді. Жамбыл облысының құрамасы екі күміс медальді олжалап, жүлделі үшінші орын алды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.