АУЫЛ ТЫНЫСЫНА СЕРПІН БЕРГЕН ЖАҢА АТАУ

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков аудан орталығынан ең шалғай орналасқан Мәшһүр Жүсіп ауылында болып, ауыл тұрғындарымен жолықты.
Жаңа атауға ие болған ауыл тұрғындары Р.Бердібай атындағы ЖОМ мектебіне жиналды.
Кездесуде С.Асылбеков мемлекет басшысының Жолдауында айтылған білім, автокөлік жолдары, медицина салаларына қатысты алдағы жоспарларға тоқталып, Жолдау аясында бірқатар өзекті мәселелердің өз шешімін табатындығын жеткізді.
Атап айтсақ, 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызының сапасын жақсарту, 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау және алдағы екі жылда 650 елді мекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету жоспарланғандығы туралы айтты.
Сондай-ақ, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндеттерінің бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту мақсатында алдағы жылдан бастап «Ауыл Аманаты» жобасының іске қосылатындығы туралы ақпарат берді.
Аталған жоба аясында ауыл шаруашылық саласына төмен пайызбен (2,5%) несиелендіру арқылы шаруалар санын көбейту жоспарланған. Сәйкесінше азық-түлік өнімін көбейіп, ішкі нарықта бісекелестікті артады.
Кездесу барысында Ибраева Алима мен Шериев Талғат жарыс сөзге шығып, Жолдауда айтылған бастамаларға қолдау білдіріп, әріптестерін жаңа бастамалардың сапалы жүзеге асуына атсалысуға шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.