Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: Алайда, бұл қағаз жүзінде қалып отыр

Мемлекеттік органдар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтағы қадамдардың тек еліміздің ұлттық мүддесіне сай болуына назар аударуы керек. Өйткені келіссөз жүргізушілердің біліксіздігі салдарынан ел мүддесіне нұқсан келеді. Әсіресе, індет салдарынан кәсіпкерлер қиын жағдайға тап болған осы кезеңде бұл мәселе өзекті болып тұр.

Заң бойынша, шетелдік тау-кен өндіру компаниялары өз қажеттіліктері үшін отандық тауарларды сатып алуы керек. Алайда, бұл қағаз жүзінде қалып отыр. Яғни, Қазақстанда жасалған тауарларды пайдалану үлесі тек 10 пайызды құрайды. Оның үстіне бірінші қаңтардан бастап «Жер қойнауын пайдалану» туралы кодекстің дәл осы тармағының мерзімі аяқталмақ. Сондықтан, шетелдік инвесторлардан осы мәселе бойынша барлық міндеттеме алынып тасталатыны сөзсіз. Бұл да келіссөз жүргізушілердің кезекті кемшілігі.

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.