Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: Мұндай мысалдар өте көп

2012 жылдың 12 мамырында «Ақ жол» фракциясы Денсаулық сақтау жүйесі мен оның құрамындағы ведомствоның «Денсаулық кодексіндегі» сатып алу жүйесіне енгізген өзгерістеріне қарсы наразылық жолдаған еді. Біз Маршалл аралдарынан медикоменттер мен жабдықтарды Қазақстандағы жабдықтар құнынан 4 есеге қымбатқа сатып алғандар жөнінде фактілер келтірдік.

Бұл мәселені біз 2013 жылдың 6 ақпанында қайта көтердік. Ал 2013 жылдың 6 қаңтары күні «Ақ жол» фракциясы «СҚ-Фармацияның» препараттарды өндіруші бағасынан, өндірушінің ресми сайтында көрсетілген бағадан 3 есе қымбатқа сатып алғаны жөнінде Бас прокурорға сауал жолдадық. Бұл – дәл осы препаратты өндірушілер, дәл осы препаратты басқа елдерге сатқан бағадан 5 есеге қымбат сома!

Қазақстан нарығындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесі 30 пайызға кеміген. «Неге біз қарапайым парацетамол-дың өзін шетелден импорттап отырмыз», -дегенді бүгін желілерден оқып отырмыз.. Міне, осының барлығына жаңағы жағдайлар себеп. Осының барлығына «СҚ-Фамацияның» отандық өндірушілерді шетелдік компаниялар алдында жығып бергені себеп.

Міне, тағы бір мысал. «Капитал плюс» ЖШС. Бұл – Қазақстанда ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттарын шығарумен айналысатын компания. Олардың ұсынып отырған бағасы – 13 миллион теңге. Тіпті, біздікілер халықаралық техникалық талаптарға сай шығарылса да, біздің Денсаулық сақтау министрлігі оларды соңғы уақытқа дейін елемей, дәл сондай аппараттарды шетелден 30 миллионға сатып алып келді. Яғни, бұл ақшаға қазіргіден гөрі 2,5-3 есеге артық ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттарын алуға болатын еді. Мұндай мысалдар өте көп.

adyrna.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.