«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы  Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Басқосуда музей басшысы Нұрболат Ахметжанов Жолдауда көрсетілген ел дамуының басым бағыттары мен міндеттеріне тоқталды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Президент ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін баса айтқан болатын. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлық технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында ұтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Бұл мəселе қоғаммен тығыз қарым-қатынастағы барлық мекемеге де тиесілі. Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылады. Сондықтан музей ұжымын Елбасын Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырамын»,- деді музей директоры Нұрболат Қадырұлы.
«Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мақсат еттік. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» 30 дамыған елдің қатарына қосылатындығымызға сенімім кәміл», — деп музейдің ғылыми қызметкері Б.Байболов өзіндік пікірін ортаға салды.
Сонымен қатар, музейдің бас редакторы Ә.Манаповтың да Елбасы ұсынған 10 міндет аясындағы  еліміздің білім жүйесін түбегейлі өзгертпекке арналған көзқарас, ресурстарымызды барынша тиімді пайдалануға жол ашып, ақылды технологиялар арқылы агроөнеркәсіпті дамытып қана қоймай ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру, жолдар, құрылыс саласы, қаржы секторларын жаңғырту мəселесі, адами капиталдың бар жағдайы мен денсаулық сақтау, жаһанды жегі құрттай жайылған сыбайлас жемқорлықпен күрес, дамыған «Ақылды қалалар» пайда болуына орай көзқарастарды талдап-таразылаған баяндамасы көпшіліктің көңілінен шықты.
Жиынды қорытындылаған  Н.Ахметжанов Жолдаудағы басты міндеттердің бірі жаңа технологияларды біздің еліміздің барлық экономикалық саласына соның ішінде мәдениет саласына да енгізу көзделгенін мəлімдей келе,
«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ұжымы да  Елбасының қойған басты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарын іске асыруда «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» қолға алып,  Жолдауды өз ісінде қолдану үшін барлық күшін салатындығын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.