Б.ТҰРЫС: Ұлттық намыс деген осы

Түркияның бір сұлу актрисасы Голливудқа киноға түсуге барыпты. Голливуд оны қуана қабылдайды. Бірақ ол киноға түсуден бас тартып, еліне қайтады. Сөйтсе, сценарий бойынша бір эпизодта әлгі сұлу жарқыратып кеудесін ашып жібергенде, голливудтық бір еркек актер бірнеше секунд бойы оның кеудесіне «тұмсығын тыға» тұруы керек екен.

Сонда әлгі түрік қызы: «Мұндай арсыздыққа Шығыс дәстүрі, халқым­ның тәрбиесі рұқсат етпейді»,- депті. Голливуд оған 1 миллион ұсынса да: «5 миллион болса да қалталарыңа салып қойыңдар!»- деп Түркияға ұшып кетеді. Кейінірек осы жағдай Түркия парламентінде сөз болып, әлгі актрисаға қолдау көрсеткен. Ұлттық намыс деген осы. Ал біздегі жартылай жалаңаш орыстың киносы мен клиптерінде жүрген актрисасымақтарымыз ақша үшін ұлтын сатуға дайын!

elana.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.