БАҚЫТТЫ БАЛДӘУРЕН: 198 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛДЫ

Шымкенттік оқушылардың жазғы демалысы қызықты өтуде. Каникул мерзімін тиімді өткізу үшін 237 жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, маусым айында мектептер жанында ұйымдастырылған «Жасыл қала»,  “Шығармашылық”, “Спорттық-туристік”, “Интеллектуалдық” бағыттары бойынша іске қосылған лагерлерге 175 000 нан астам оқушы барды. Оның ішінде, білім қоры есебінен қала сыртындағы 15 лагерде  7 241 баланың 85 %-ы демалды.  Қалған балалардың демалысын ұйымдастыру тамыз айының 15-не  дейін жалғасады. Ата-аналар мен қоғам белсенділері тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылып, лагерлердің жай-күйі зерделенді.

Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақсу» лагерінде ауқымды форматта спорттық сайыстар ұйымдастырылды.  100-ден астам бала спорттың волейбол, шахмат, футбол, эстафеталық жүгіру, суға жүзу түрлерінен сайысқа түсті. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.