«БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ҰЖЫМЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫН

Туған жерді түлету – азаматтық парыз. Осындай ұранмен шет елде де өз өнімдерінің сапасы үздік екенін дәлелдеген Қазақстандағы озық кәсіпорынмен аманаттықтар кездесті. Бүгін белгілі журналист, блогер, «AMANAT» партиясы жақтастары лигасының мүшесі Айдос Жұқанұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, қалалық мәслихат депутаты Жадыра Таңатарова, партияның Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген танымал азамат – Талғат Ысқақов басқаруындағы ««Бал Текстиль» компаниясында болып, ондағы жұмысшы қауыммен кездесті.

Онда Республикалық, қалалық штаб мүшелерінің қатысуымен Ата заңымызға өзгерістер енгізу жөнінде сөз айтылып, қызметкерлерді референдумға шақырды .

Басқосу кезінде халық қалаулысы жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, еңбек ұжымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауап берген Мәжіліс депутаты әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды.
Сонымен қатар шарада депутаттармен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды қолдауға қатысты салмақты дәлелдер мен шынайы себептер айтылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.