«Бала және отбасы»: Шымкентте 100-ден астам астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың 21-ақпанынан бастап қала аумағында өтіп жатқан «Бала және отбасы» жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 119 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 96 және ойын-сауық мекемесінде болған 6 жасөсіпірім анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал кәмелетке томағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 6 ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша жауапқа тартылды.

Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 3 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқықбұзушылыққа бейім 13 жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын 16 отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды.

Осы ретте, Ювеналды полиция инспекторлары кәмелетке толмағандардың оның ішінде білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сабақ өткізіп, кездесулер ұйымдастыруда.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.