БАЛАЛАРҒА ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР

* Сүт

Құрамында протеин, көмірсулар, А дәрумені, магний, кальций, фосфор және көптеген минералдар бар.

* Сиыр еті

Құрамында протеин, В дәрумені, никотин қышқылы және ферум (темір) бар. Мидың дамуында үлесі бар.

* Айран

Құрамында кальций, протеин, көмірсу, В дәрумені, мырыш және фосфор бар. Балғын жеміс қосып та беруге болады.

* Балық

Протеин, ниацин, В дәрумені, ферум және мырышқа деген қажеттілікті қанағаттандырады. Құрамындағы омега-3 май қышқылы мидың дамуына және жүректің саулығына ықпал етеді.

* Жұмыртқа

Өте пайдалы азық түрі. Оннан астам дәрумен және минералдарға ие.

* Картоп

Құрамында калий, А дәрумені, С дәрумені, фолий қышқылы, кальций және ферум бар. Қант диабеті ауруына шалдыққандарға шипалы.

* Брокколи

Талшыққа бай, дәрумендер мен минералдардың кені. Брокколиді шикі күйінде жеген пайдалырақ.

* Дәнді дақылдар

Нанда, крекерлерде және дәнді тағамдарда фолий қышқылы, мырыш, ферум және В дәрумені көп.

* Қаражидек

Денені ең жақсы азықтандыратын тағамдардың бірі. Құрамында калий, С дәрумені, көмірсу және антиоксиданттар бар.

* Ірімшік

Кальций, протеин және В12 дәруменіне өте бай. Сүйек құрамын бекітеді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.