Балғынбек Имашев, айтыскер ақын: Отбасын қирату Отанды қирату емес пе?

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заң жобасын оқып шықтым.

Тентегіне тек дей алатын, қисығын тезге салып түзейтін ата-баба дәстүрін, дініміздің қастерлі ұстанымдарын жоққа шығарып, батыстық үлгіні қабыл ету арқылы біз қай ұшпаққа шықпақшымыз?

Шариғаттың басты ұстанымы жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару емес пе? Басқаны былай қойып, өз баламызды жамандықтан тыйып, жақсыға бағыттай алмасақ, қазақ болып, мұсылман болып, тіпті, адам болып не керек?

Отан отбасынан басталады, ендеше, Отбасын қирату  Отанды қирату емес пе? Кілемді ұру  оны жазалау үшін емес, шаңын тазалау үшін. Баланы ұрысу оны бұрыстығын айыптау үшін емес, дұрыстыққа лайықтау үшін. Отбасына қолды салғаны, Отанымызға отыз жыл бомбы жарғанынан жаман жаулық! Мен айтыскер ақын ретінде өз отбасымның баянды бақыты, өз Отанымның берекелі болашағы үшін бұл заңды кері қайтарып, күн тәртібі түгілі, мүлдем жыл тәртібінен, тіпті, Парламент тарихынан алып тастауды өтініп сұраймын!

 Alashainasy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.