БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Берік Оспанов және «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева Әл-Фараби ауданына «Шаттық» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесіп, алдағы референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

— «Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі. Бүгінгі таңда партия құрамын күшейту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Партияның Шымкент қалалық филиалында 51 бастауыш партия ұйымы бар. Олардың қатарында 31 мыңнан астам партиялас қызмет етуде. Қазір сапалық құрамы мен жұмысын жүйелендіру үшін бастауыш партия ұйымдарын біріктіру қолға алынды. Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналардың 20%-ын қайтару тәжірибесі енгізілді. Партиялық жобалар бірінші кезекте халыққа, қоғамның барлық саласына бағытталатынын ерекше атап өту қажет. Осы арқылы партиялық ұйымдардың жұмысы кеңейіп, тиімділігі артатыны сөзсіз», — деді Ж.Бектаева.

Елімдегі маңызды саяси оқиғада әрбір азамат белсенді болып, ел ертеңі үшін шешім қабылдауы тиіс. Сондықтан Конституциямызға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды жіті түсіндіру маңызды. Кездесуде түрлі сұрақтар қойылып, қызу пікір алмасу болды. Өз кезегінде «Шаттық» бастауыш партия ұйымының мүшелері бірауыздан 5 маусым күні референдумды қолдау бойынша дауыс беретіндерін жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.