01. Біле ме, бұл қазағың Бауыржанын?! Батырдан қалған өсиет

Бауыржан Момышұлы:
Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.
Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.
Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.
Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.
Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.
Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.
Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті.
Ғасырлар бойы сеңі бұзылмайтын өтірік болады. Бірақ та, бәрібір өтірік әшкереленеді.
Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.
 Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлтбезерлік тудырады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.